Басты бет Жаңалықтар NASA тұңғыш рет Күн атмосферасына жететін аппарат ұшырды

NASA тұңғыш рет Күн атмосферасына жететін аппарат ұшырды

Американың NASA ғарыш агенттігі тарихта тұңғыш рет Күн атмосферасына дейін жетуі тиіс Parker Solar Probe зондын ұшырды. Бұл туралы агенттіктің Twitter желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

© news.sky.com

Parker Solar Probe зонды Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылды. Мамандар аппарат көмегімен Күн белсенділігі туралы жаңа деректерді алып, Күн желдерінің параметрлерін өлшеуді көздеп отыр.

Ғарыш аппараты жеті жыл бойы Күнге қарай ұшып, соңында жұлдыздан алты миллион шақырым қашықтықта болады. Мұндай қашықтыққа дейін ешқандай ғарыш кемесі  жетіп көрмеген.

Межедегі температура 1377 градусқа дейін барады. Құрылғының корпусы қалыңдығы 11,4 сантиметр болатын көміртегі бар қалқанмен жабылған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version