Қала басшысы Бауыржан Байбек соңғы бірнеше жыл ішіндегі жұмысының қорытындысы бойынша есеп берді. Әкім тұрғындардың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіліп жатқанын, қаладағы дүкендер мен базарлардың жабылуын толық түсіндірді.
«2 жыл ішінде құқық қорғау органдары 20 кешенді кездесу өткізілді, Тұрғындардың шағымдарына ерекше назар аударылды. Алматыда жалпы халықтың үштен бірі тұрады, бірлескен кәсіпорындардың 43%-ы осында шоғырланған. Одан бөлек еліміздің бөлшек саудасының 60-40%-ы осында», — деді қала әкімі.
Қоғаммен жұмыс істеудің үлгісі ретінде әкім Open Almaty қоғамдық қабылдау орталығын келтірді. Әкімнің айтуынша, бұл қала тұрғындарының сенімін арттырды. Онымен қоса құқық қорғау қызметін көрсететін орталық ашылды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мекемелері мен қала мектептері есептерін ашық жариялай бастады.
Қауіпсіздікті жетілдірудің басты міндеті — полиция қызметкерлерін қазіргі заманғы техникалық құралдармен жабдықтау. Осы мақсатта Алматы ІІД-не бюджеттен 31 млрд теңге бөлінді. Осылайша, қызметкерлерді техникалық жабдықтау 60%-дан 90%-ға дейін өсті. Қалада полиция бөлімшелері әлі салынып жатыр. ІІД қажеттілігі үшін 399 қызметтік автокөлік, 3,5 мың радиобайланыс құрылғысы сатып алынды.
«Егер полиция қызметкерлері жеке бақылау камераларын өшіріп тастаса, олар жұмыстан шығарылады. Жыл соңына дейін сыбайлас жемқорлықты жою үшін барлық полиция қызметкерлерін айыппұлдарды электронды түрде тіркеуге арналған планшеттермен қамтамасыз етеміз. Тұрғындар өздерін тәулігіне 24 сағат қауіпсіздікте сезінуі керек», — деді Байбек.
Қала тұрғындарының саны екі есе көбейгендіктен және полиция қызметкерлерінің саны аз болғандықтан әкім автоматтандырылған бақылау жүйесін дамыту қажеттілігін атап өтті.
«Біз 108 000 камера орнаттық, сол арқылы кадр жетіспеушілігінің орнын толтырамыз. Камералардан 21 000 құқықбұзушылық анықталды. Келесі кезең — бейнебақылаудың автоматтандырылған жүйесіне көшу, оған 15 миллиард теңге бөлінді», — деді ол.
Әкім үш жыл ішінде көпшілік жүретін орындардың камерамен қамтамасыз етілетініне уәде берді.
Келесі мәселе — жол қауіпсіздігі. Бүгінде Алматы жол-көлік оқиғаларының саны бойынша бірінші орынды иеленеді. Құқықбұзушылықтардың басты себебі — жоғары жылдамдық. Осыған байланысты әкімдік бірнеше орталық көшеде сағатына жылдамдықты 40 шақырымнан асырмау туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа, 10 көшеде біржақты қозғалыс енгізілді. Нәтижесінде осы аудандарда жол-көлік оқиғаларының саны 40%-ға азайды.
Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес туралы қала әкімі жеке сөз қозғады. Ол ұрланған тауарларды сатып алу мәселесі бірнеше рет көтерілгенін атап өтті. Оның айтуынша, елдің барлық аймағынан адамдар мұнда бірнәрсе сатып алуға немесе сатуға келеді. Алматыда 57 базар жұмыс істейді, сондықтан оларды бақылау үшін қатаң шаралар қолданылып жатыр.
«Күшейтілген рейдтер жүріп жатыр. Базардың қорғаушылары не десе де, біз оларды бақылайтын боламыз, қажет болса жауып тастаймыз. Қазір 1300-ден астам дүңгіршек жабылды. көшелерді, базарларды аралап, тәртіпке келтіретін боламыз, — деді Алматы әкімі қоғамдық кеңес отырысында.