Басты бет Жаңалықтар Алматыдағы «Байсат» базарында өрт шықты

Алматыдағы «Байсат» базарында өрт шықты

Сағат 16.26-да Алматыдағы "Байсат" базарының контейнері өртенгені туралы хабар түсті. 

Көрнекі сурет

«Жетісу ауданы, Солтүстік айналым, 7 мекенжайында орналасқан «Байсат» базарындағы контейнерден өрт шыққаны жайлы хабар келді. Алғашқы өрт сөндіру есептері хабар келгеннен кейін 7 минуттан соң, яғни 16.33 сағатта келді. 15 минуттан кейін өрт cөндірілді,» — дейді Алматыдағы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сұлтаншаш Баймұхамбетова.

Өрт сөндіруге жеке құрамдағы 60 адам, 18 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Желіде оқиға орнында түсірілген әуесқой видео тарады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version