«Жетісу ауданы, Солтүстік айналым, 7 мекенжайында орналасқан «Байсат» базарындағы контейнерден өрт шыққаны жайлы хабар келді. Алғашқы өрт сөндіру есептері хабар келгеннен кейін 7 минуттан соң, яғни 16.33 сағатта келді. 15 минуттан кейін өрт cөндірілді,» — дейді Алматыдағы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сұлтаншаш Баймұхамбетова.
Өрт сөндіруге жеке құрамдағы 60 адам, 18 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Желіде оқиға орнында түсірілген әуесқой видео тарады.