Метеор жауыны. Алматылықтар аспан шоуын қайдан көре алады?

«Жұлдыздар жауынын» ешқандай құралсыз тамашалауға болады. Бастысы, қала сыртында немесе жарық аз жерде болсаңыз, бұл құбылысты оңай көре аласыз. Көз алдыңда аспан көлемі үлкен болуы тиіс, өйткені жұлдыздың қай жақтан ағып түсетіні белгісіз. Әдетте әуесқойлар мұндай құбылысты тамашалау үшін Қапшағайға барады, себебі ол жердің көрінісі үлкен. Тауға барсаңыз, аспан жақсы болғанымен көкжиек таулармен жабылып қалады. Бұл жұлдызды көру мүмкіндігін азайтады», — дейді Александр Губерт.

Кеңесшінің айтуынша, бұл жұлдыздардың ерекше жауыны болмақ.

«Болжам бойынша, сағатына он шақты метеор күтіледі. Метеор — бұзылған кометаның қалдықтары, оның қаншасының Жер орбитасынан өтетінін дәл айту мүмкін емес», — дейді маман.

Айта кетейік, жыл сайын тамыз айында Персей шоқжұлдызынан метеор ағады.

Сонымен қатар, биыл 11 тамызда максимал фазасы 0,74 Күн тұтылуы болады. 12-нен 13 тамызға қараған түні ең әдемі жұлдыз ағуы күтіледі.

ДереккөзTengrinews.kz