Басты бет Жаңалықтар Алматының жерасты өткелдері қалай өзгерді?

Алматының жерасты өткелдері қалай өзгерді?

Алматыда барлық жерасты өткеліне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысы аяқталуға жақын. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде жаяу жүргінші инфрақұрылымын реконструциялау қарқынын тексеріп, жаңарған жерасты өткелдерін қарап шықты.

Фото: Баспасөз қызметінен

Жаңарған жерасты өткелдеріне диодты жарық көздері мен датчик құрылғылары, музыка шығаратын дыбыс динамикалары орнатылған. Өткелдердің төбесі жанбайтын арнайы материалмен жабылған, қабырғалары суретпен безендірілген.

Алматы жер асты өткелдері
Фото: Баспасөз қызметінен

Мысалы, Абай мен Абылай ханның қиылысындағы жерасты өткелінің қабырғасына Абай Құнанбаевтың нақылдары жазылған. Республика Сарайына қарсы орналасқан жерасты өткелінде «Жеті қазына» атты қазақ көшпендісінің жеті байлығы көрініс тапқан.

Фото: Баспасөз қызметінен

«Қауіпсіз қала» жобасы аясында жерасты өткеліне бірнеше видеокамера орнатылған. Жаңа моделдегі видеокамералар адам бет-әлпетін анық түсіреді. Олар аудандық ішкі істер басқармаларының бақылау жүйесіне қосылған.

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

«Биыл 160-тан астам көше жөндеуден өтеді және 600-ден астам аула абаттандырылады. Қаланың тарихи орталығы модернизацияланып жатыр. Соңғы жылда 800 километр инженерлік желі жаңарды. Әрине, жөндеу жұмыстары қала тұрғындарына жайсыздық тудыруы мүмкін. Олардан сәл ғана шыдамдылық танытуды өтінемін. Көшелерге реконструкция жүргізу кезінде құрылыс ережесін сақтамаған бірқатар ірі құрылыс ұйымдары айыппұл төледі. Барлық жұмыстар сапалы әрі қысқа мерзімде аяқталады», — деді Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар қала әкімі алдағы уақытта құрылыс компанияларының жөндеу жұмыстарын қала тұрғындарына қиындық сездірмей жүргізетінін айтып, тұрғындарды сабырға шақырды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version