Басты бет Жаңалықтар Айырбас пункттерінде доллар құны 355 теңгеге жетті

Айырбас пункттерінде доллар құны 355 теңгеге жетті

Рубльдің құлдырауы Қазақстанның ұлттық валютасының долларға қатысты бағамына да әсер етті.

Фото: Beetify.com

Ресейде рубльдің рекорд деңгейге құлдырауынан кейін Қазақстандағы айырбас пункттерінде доллар 350 теңгеден қымбатқа сатылып жатыр.

Kurs.kz мәліметінше, 9 тамыз күнгі 09.35-тегі жағдай бойынша айырбас пункттерінің көбінде долларды сату 352-352,2 теңге, ал сатып алу 354-355 теңге болды.

KASE биржасындағы 8 тамыз күнгі күндізгі сессия қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 348,98 болған еді.

Мәскеу биржасында 1 доллар 65 рубльге, евро бағамы 75 рубльге жетті. Сарапшылар рубльдің құлдырауына АҚШ-тың антиресейлік санкциялар туралы заң жобасының дүдәмалдығы себеп деген пікірде.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version