Нұрлан Ермекбаев ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды», — делінген Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасында.
Бұған дейін ҚР Қорғаныс министрлігін Сәкен Жасұзақов басқарып келген еді. Ол ведомствоға 2016 жылдың қыркүйегінде басшы болып тағайындалды.
Нұрлан Ермекбаев 1963 жылы Шымкентте дүниеге келген. Әр жылдары Сингапурдегі Қазақстан істерінің сенімді уәкілі, Президент әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі, Сыртқы істер министрінің орынбасары, Президенттің көмекшісі қызметтерін атқарды. 2012-2014 жылдары Қазақстанның Қытайдағы елшісі, сонымен бірге Қазақстанның Корей Халық Демократиялық Республикасындағы елшісі, 2012-2013 жылдары Қазақстанның Вьетнамдағы елшісі қызметін сол лауазыммен бірге атқарды. 2014-2016 жылдары ҚР Дін істері және азаматтық қорғаныс министрі болып тағайындалды. 2018 жылдың сәуірінде Президенттің көмекшісі — ҚР Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болды.