Басты бет Жаңалықтар Назарбаев екі ауданның атауын өзгертті

Назарбаев екі ауданның атауын өзгертті

Тиісті жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев Фото: Аlashakparat.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:

1. Павлодар облысының кейбір аудандары:

1) Качир ауданы – Тереңкөл ауданы;

2) Лебяжі ауданы Аққулы ауданы болып қайта аталсын.

2. Осы жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген жарлықта.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version