Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның үш қаласында ауаның ластануы байқалады

Қазақстанның үш қаласында ауаның ластануы байқалады

Үш ірі қалада атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануы байқалады.

Фото: Іnform.kz

6 тамыз күні Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиялық ахуал қалыптасуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, Алматы, Қарағанды мен Шымкентте жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін, атап айтқанда, ауаның ластануы байқалады. Ақтау, Атырау, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал мен Өскеменде метеорологиялық ахуал қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық күн, баяу соққан жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version