Эпидемиологиялық ахуалы нашар қандай елдерден сақтану керек?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мамандарының мәліметінше, Қазақстан аумағына тырысқақ, күйдіргі, денге қызбасы, қызылша, дифтерия, менингит, коронавирустық инфекция сияқты аурулардың келу қаупі бар. Соңғы жылдары осы аурулар бойынша әлемнің бірқатар өңірінде қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасып отыр.

Мамандар қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалатын елдерге барудан мүмкіндігінше бас тартуды ұсынады. Сонымен, қандай елдерден қандай ауру жұқтырып алуымыз мүмкін?

Тырысқақ

Әлемнің әр елінде тырысқақ ауруының өршу қаупі бар. Бұл аурудың 103 мыңнан астам жағдайы тіркелген, оның 360-ында науқастың беті бері қарамаған. Инфекция Азия, Африка, Америка елдерінде таралған. Биыл Қазақстанда Үндістаннан тырысқақ әкелу дерегі 5 рет тіркелді, эпидемияға қарсы жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде инфекцияның елімізде таралуына жол берілмеді.

Эбола мен сары қызба

АҚШ, Аргентина мен Бразилияда Эбола қызбасының 37 жағдайы (10 жағдай өліммен аяқталды), сары қызбаның 199 жағдайы (85 өлім жағдайы) тіркелген. Денге, Зика, Сары қызба сияқты аурулардың тропикалық және субтропикалық елдерде таралғанын және масалардан жұғатынын ескеру керек. Сондықтан негізгі профилактикасы -масалардың шағуын болдырмау. Ол үшін серуендеуге жеңі ұзын киім, шалбар, ұзын көйлек кию керек. Дененің ашық жерлеріне кремдер, лосьондар, спрейлер және жәндіктерге қарсы басқа да заттарды қолдану керек. Оларды киімге сіңдіруге болады, шіркеуге қарсы торлар, перделер қолдану керек. Геморрагиялық қызбалар бойынша қолайсыз елдерден қайтқанда дене температурасы көтерілген кезде дәрігерге қаралу керек.

Оба мен күйдіргі

Мадагаскарда обаның 2000-нан астам жағдайы, Қырғызстанда күйдіргінің 11 жағдайы тіркелген.

Қызылша мен дифтерия

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша әлемнің бірқатар елінде қызылша бойынша эпидемиялық қолайсыз жағдай тіркелген. Еуропада биыл 5000-нан астам жағдай тіркелсе, бірнеше жағдай бойынша өлім-жітім туралы мәлімет бар. Украинада қызылша дерегі 20 рет тіркелген, Грузияда 668 жағдай, Қырғызстанда 119, Беларусьте 112 жағдай тіркелген. Сонымен бірге Украинада дифтерияның 2 жағдайы тіркелген. Қазақстанда қызылшамен сырқаттану бойынша жағдай қолайлы, 2 жағдай есепке алынған.

Қызылша – көбіне балалар арасында таралатын жіті инфекциялық ауру. Балалардағы қызылшаның белгілері — жоғары температура, бөртпе, тамақ ауырады, жөтел және организмнің айқын интоксикациясы. Әлемде жыл сайын қызылшадан 150 мыңнан астам адам өледі, басым көпшілігі — 10 жасқа дейінгі балалар.

Қызылша инфекциясының көзі – науқас адам, вирус ауа-тамшы жолымен өте жылдам таралады.

Қазақстанда қызылшаға қарсы иммундау жоспарлы тәртіппен 1 және 6 жаста тегін жүргізіледі. Қалыптасқан иммунитет аурудан қорғайды немесе жұқтырған жағдайда аурудың жеңіл өтуіне көмектеседі.

Коронавирус

Сауд Арабиясы, Катар, Біріккен Араб әмірліктерінде коронавирус тудыратын вирустық респираторлық аурумен сырқаттану қаупі басым. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша әлемде коронавируспен сырқаттанудың 2103 зертханалық расталған жағдайы тіркелген, олардың 733-і өліммен аяқталған. Аурудың ауыр өту қаупіне диабетпен, бүйрек жеткіліксіздігімен, өкпенің созылмалы ауруымен ауыратын және иммунитеті төмен адамдар ұшырайды.

Тырысқақ және басқа да ішек инфекцияларынан сақтанудың жолдары қандай?

— ішуге, көкөніс-жемістерді жууға, тұрмыстық мақсатта қайнаған немесе бөтелкедегі суды қолдану (әртүрді сусынды салқындату үшін мұзды пайдаланудан бас тартқан дұрыс);

— су объектілерінің (теңіз, мұхит, көл, өзен және т.б.) шикі және термиялық жеткілікті өңделмеген өнімдерін қолданбау, көшедегі және кездейсоқ сатушылардан тамақ өнімдерін сатып алмау;

— арнайы рұқсат етілген суқоймаларда шомылу, ашық суқоймаларда, жүзу бассейндерінде шомылу кезінде ауызға судың кіруін болдырмау;

— төтенше жағдай туындаған кезде туроператорлар мен турагенттердің туристерге медициналық көмек алуға жәрдесуі тиіс екенін есте сақтау керек.

Республиканың аумағына инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде шетелден келетін адамдарға қашықтық термометриясын қолдану арқылы мониторинг жүргізіледі.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерден оралған кезде және аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда міндетті түрде медициналық көмекке жүгінуді сұрайды.