Басты бет Жаңалықтар Алматыда жергілікті полиция басшылары қызметінен босатылды

Алматыда жергілікті полиция басшылары қызметінен босатылды

Алматы қалалық және Алмалы аудандық жергілікті полиция қызметтерінің басшылары жұмысынан босатылды.

Алматы ЖПҚ басшысы қызметін атқарған Жасұлан Байкенов Фото: Today.kz

Алматы жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымынан босатылды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов берілген рапортқа сай қызметінен кетті. Ол еңбек жолын ішкі істер органдарында 2004 жылы Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі учаскелік инспекторының көмекшісі болып бастаған. 2007 жылдан бастап, аудандық деңгейдегі ішкі істер басқармаларында қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерінің бастығы болып жұмыс істеді. Әр жылдары метрополитен полициясында, Түрксіб ауданы ішкі істер басқармасында, Алматы ІІД Әкімшілік полиция басқармасында бастықтың орынбасары қызметін атқарды. 2016 жылдың қаңтарынан бері Алматы жергілікті полиция қызметінің басшысы болды.

Полицияның мәліметінше, мұның алдында жұмысындағы салғырттығы үшін Алмалы аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция капитаны Серік Құмабеков лауазымынан босатылған. Ол бұл қызметке 2017 жылдың сәуірінде тағайындалған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version