Басты бетЖаңалықтарТұрғындар метро...

Тұрғындар метро құрылысына жер бергісі келмей отыр

Алматыдағы Жайлы ықшамауданының тұрғындары метрополитен құрылысы үшін жер телімдерін бергісі келмей отыр. Жоба бойынша әкімдік тұрғындардан 152 жер телімін алуы қажет.

«Қалқамандағы станция үшін 152 жер теліміндегі ғимараттарды бұзу қарастырылып отыр. Олардың 15-і Жайлы ықшамауданында. Жер телімдерін босатуға тас жолдың Абай даңғылының астымен өтетіні себеп», — деді «Метрополитен» КМК күрделі құрылыс қызметі техникалық бөлімінің директоры Мақсат Сейітқұлов.

Мақсат Сейітқұловтың мәліметінше, Жайлыдағы 15 учаскенің иесі метрополитен басшылығына ресми хат жазып, тұрғын жайларын тартып алмауды сұраған. Мәселе әлі шешімін тапқан жоқ.

Тұрғындардан алынуы тиіс жер телімдеріне көлік тұрағы, жолайрық пен басқа да нысандары бар хаб салынады. Метро батыс бағытқа қарай одан әрі дамытылады. Желі «Западный» автобекеті станциясына дейін созылады. Қазіргі уақытта «Достық» бекеті салынып, «Қалқаман» бекеті жобаланып жатыр.

Бұл нысандардың құрылысы біткен соң метрода жолаушы ағыны тәулігіне 40 мың адамнан 100 мыңға дейін өседі деген жоспар бар. Жоба авторлары бұдан Абай даңғылының жүктемесі азаяды деп отыр.

Алматы метросының қазіргі жалпы ұзындығы — 11,3 шақырым. Жалғыз желі әзірше тоғыз бекеттен тұрады.

ДереккөзZakon.kz