Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Мектептен 300 метр жердегі барлық мешіт құлатылады

Көрнекі сурет

Түркістан облысы мен Шымкенттегі мешіт саны 800-ге жеткен. Олардың қаншасы заңды, қаншасы заңсыз салынғаны белгісіз. Ғибадатханалардың қазіргі жағдайы мен құрылысына қатысты Шымкентте дін істері жөніндегі басқарма қызметкерлері, дін қызметшілері және құрылыс басқармасы өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.

Сәулет және қала құрылысы мамандарының айтуынша, соңғы үш жылда облыста сегіз мешіттің құрылысына рұқсат берілген. Қалғандары заңсыз салынған.

«Егер азаматтар ғибадатхананы заңсыз салған болса, оны өзі бұзуы керек. Одан кейін жерге, құрылысқа рұқсат алып, бұл туралы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауына хабарлауы қажет. Осыдан кейін ғана құрылысқа рұқсат беріледі», — дейді Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бақытбай Дүйсебеков.

Шенеуніктердің айтуынша, аймақта заңсыз салынған ғибадатханалар саны артып келеді. Олардың кейбірі бос тұр.

«Облыста және Шымкентте 800-ден аса мешіт бар. Мешіттерге адам көп бармайды. Оған құрылыс нормаларының сақталмауы себеп болуы мүмкін. Нәтижесінде көп мешіт бос тұр. Адам келмеген соң оларды ғибадат бөлмелеріне айналдырамыз», — дейді Түркістан облысы дін істері жөніндегі басқарма басшысы Самат Сапарбаев.

Жиын соңында шенеуніктер меценаттардан қандай да бір діни нысанды салар кезде заң нормаларын сақтауды өтінді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version