Марсельдегі «Велодром» стадионында болған кездесудің негізгі және қосымша уақыты 1-1 есебімен аяқталған еді.
Ойын қызыққа толы болды. Алғашқы гол 2-минутта соғылды. Оның авторы — Роберт Левандовски. Қарсыластарынан жылдам гол күтпеген Португалия құрамасы есепті теңестіруге асығып, бар күшімен алға ұмтылды. Ал Польша ойыншылары жылдам қарымта шабуылдар ұйымдастырып, есепті еселеуге тырысты. Алайда бірінші таймның ортасына дейін қос команда да гол соға алмады. Ойынның 33-минутында Португалияның шабуылдары өз нәтижесін берді. Нанидің пасынан кейін соққы жасаған 18 жасар ойыншы Ренату Саншеш мүлт кетпеді.
Екінші таймда командалар алға шығуға ұмтылса да аса сақ ойнады. Бұл жағдай қосымша уақытта да қайталанды. Ал ойын соңындағы пенальтиде Польша құрамасы сапынан Якуб Блащиковски өз мүмкіндігін пайдалана алмауы нәтижесінде Португалия құрамасы келесі кезеңге өтті. Енді Роналду бастаған жігіттер Бельгия мен Уэльс арасындағы кездесудің жеңімпазымен 6 шілде күні жартылай финалда ойнайды.