Басты бет Жаңалықтар WhatsApp кейбір хабарламаларды ақылы етеді

WhatsApp кейбір хабарламаларды ақылы етеді

WhatsApp мессенджері енді бизнес-қолданушылардан жіберілген жарнама және қызмет көрсету хабарламасы үшін ақы алады. 

Иллюстрация: Аtimes.com

«WhatsApp мессенджері компания мен клиенттің байланысын оңтайландыру үшін жаңа функция құрастырып жатыр. WhatsApp Business деп аталатын жаңа қосымша іске қосылғаннан кейін компанияның клиентпен байланыс жасауына мүмкіндіктер арта түседі», — делінген мессенджердің блогында.

«Компаниялар үшін кейбір хабарламаларды жіберу ақылы болады. Сол себепті олар тек таңдаулы хабарламаларды іріктеп жібереді, нәтижесінде сіздің чаттарыңызда артық хаттар болмайды. Бұдан бөлек, хабарламаңыз өтпелі шифрлаумен қорғалады. Осының көмегімен кез келген компанияны бір шертпе арқылы бұғаттай аласыз», — деп хабарлайды WhatsApp мессенджері.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version