Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда алғаш...

Қазақстанда алғаш рет жасанды жүрек донор жүрегімен алмастырылды

Екі операция да Кардиоxирургия ұлттық ғылыми орталығында жасалды. Жасанды жүректі донорлық жүрекпен алмастыру операциясы 12 сағатқа созылды. Әлем бойынша алғаш рет жасалған операцияны көру үшін шетелден 30-ға жуық дәрігер  келді.

«Пациент тоғыз ай бұрын донорлық жүрекке дайын болмады. Бауыр, өкпе, басқа органдарының қызметі нашарлап кетті. Жасанды жүрек салған соң жағдайы жақсарды, өкпе артериясындағы қан қысымы да қалпына келді. Үш айдан кейін пациенттің жағдайы жақсарған соң донорлық жүрек іздеуге кірістік», — деді орталық басшысы Юрий Пя.

Қазір Құнанбай Абыраевтың жағдайы жақсы. Өзі жүріп-тұрады.

Донорлық жүректі қазақстандық жігіттің туған-туыстары беруге келіскен. Ол қайтыс болғаннан кейін оның бір емес, бірнеше органы науқас адамдарға таратылды.

«Жігіттің ата-анасына алғыс айтамыз. Олар қайтыс болған баланың жүрегін ғана емес, бүйрегі мен бауырын да науқастарға берді. Осылайша бір адамның органдары төрт адамның өмірін сақтап қалды», — деді орталық басшысының орынбасары Маxаббат Бекбосынова.

ДереккөзInform.kz