3-5 тамыз күндері Алматыда бірнеше көше жабылады

Алматыда 3-5 тамыз күндері Сайран көлінің маңындағы автомобиль жолдары ішінара жабылады. Бұл туралы Алматының Ақпарат-спорт хабы хабарлады.

Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы Триатлон федерациясы бұл күндері Триатлоннан Азия кубогы мен Қазақстан чемпионаты шеңберіндегі жарыстардың велокезеңі өтетінін хабарлайды.

Триатлоннан 2018 жылғы Азия кубогына — Қазақстан Республикасы чемпионатына байланысты жолдардың жабылу кестесі

 

3 тамыз
13.00–ден 15.30-ға дейін Төле би көшесі оңтүстік жолақ бойынша Тілендиев көшесінен бастап, Өтеген батыр көшесіне дейін. Солтүстік жолақ автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Өтеген батыр көшесі (Төле би көшесінен бастап, Жұбанов көшесіне дейін).

4 тамыз
05:00-ден 13:00-ге дейін Төле би көшесі оңтүстік жолақ бойынша Тілендиев көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейін. Солтүстік жолақ автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Өтеген батыр көшесі (Төле би көшесінен бастап, Жұбанов көшесіне дейін).

5 тамыз
06:00-ден 15:00-ге дейін Төле би көшесі оңтүстік жолақ бойынша Тілендиев көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейін. Солтүстік жолақ ашық болады.

Өтеген батыр көшесі (Төле би көшесінен бастап, Жұбанов көшесіне дейін).

Абай даңғылының солтүстік жолағы Өтеген батыр көшесінен бастап, Саин көшесіне дейін.

Оңтүстік жолақ ашық болады.

 

Триатлон бойынша Азия кубогы және Қазақстан чемпионаты Алматыда алғаш рет  өтеді. Жарысқа 20-дан астам елдің спортшылары қатысады.

«Біз көліктің қозғалысын қиындатпау үшін жолдарды жабу аумағы мен уақытын барынша азайтуға тырыстық. Тұрғындар түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз және демалыс күндеріндегі маршруттарды алдын ала түзетіп алуға кеңес береміз», — деп хабарлайды ұйымдастырушылар.