Басты бетЖаңалықтарБес әлеуметтік...

Бес әлеуметтік бастама Онкология және радиология институтында талқыланды

Алматыда «Нұр Отан» партиясының Алмалы аудандық филиалының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшелері Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» талқылауға арналған кездесу өткізді.

Партия өкілдері Елбасының жаңа бағдарламасы бойынша ғылыми институтта атқарылып жатқан жұмыспен танысты. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатындағы жұмыс та басты назарға алынды. Кездесу барысында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында орналасқан партияның бастауыш ұйымының төрағасы Райымқұл Қарақұлов ғылыми мекемеде партия құжаттарының арнайы бекітілген ережеге сәйкес рәсімделгенін көрсетті.

Кездесуге қатысушылар әр азамат сапалы медициналық қызметті талап етуге құқылы да міндетті екенін атап өтті. Дәрігерлердің айтуынша, бұл сыбайлас жемқорлықтың тууына тосқауыл болады.

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасының сапалы орындалуы үшін азаматтық қоғамның күш-жігері мен ресурстарын біріктіру арқылы алға қойылған міндеттерді шешу керек», — деді «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, ҚР Ішкі аурулар және кардиология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми хатшысы Нұрлан Әбдіқалиев.

Кездесуде Қазақстандағы онкологиялық көмекті ұйымдастырудың өзекті мәселелері, медицинаның ғылыми қызметкерлерін баспанамен қамту, салық жүктемелерін азайту, білім берудің сапасын арттыру, шағын несие беру мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері де қаралды.