Басты бетЖаңалықтарҚазақстанға Арктиканың...

Қазақстанға Арктиканың суық ауасы келеді

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 31 шілде мен 2 тамыз күндері еліміздің солтүстігінде күн суиды.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, Кар теңізі аудандарынан Арктиканың суық, ылғал ауасы келіп, соның әсерінен Қазақстанның солтүстік аудандарында жаңбыр жаууы мүмкін, кей жерлерде нөсер кезінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауып, ауа температурасы түнде 5-16 градус жылыға дейін төмендейді.

Еліміздің қалған бөлігінде ауа температурасы бұрынғысынша норма шамасында болады, кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.

Мұның алдында «Қазгидромет» мамандары Ақмола облысы мен Астана аумағында дауыл көтерілетінін ескерткен болатын.