Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

«Алтын алқа», «Күміс алқа» иелеріне қандай жеңілдік тиесілі?

Фото: Оsken-onir.kz
  • «Алтын алқа» жетінші сәби бір жасқа толған кезде және алты баласы тірі болған жағдайда ғана беріледі. Алты баласы бар аналарға «Күміс алқа» беріледі.
  • «Алтын алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар бірінші кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Заңының 36-бабында көрсетілген.
  • «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға жергілікті бюджет есебінен жеңілдіктер белгіленуі мүмкін.
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға  — 6,4 АЕК (15 392 теңге) төленеді.
  • «Батыр ана» атағын алғандар, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен марапатталғандар жер, мүлік және көлік салықтарынан босатылады.
  • 5 баланы дүниеге әкелген немесе асыраған және оларды 8 жасына дейін өзі тәрбиелеген 53 жастағы әйелдер мерзімінен бұрын зейнетке шығады.
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» иерлеріне тегін дәрі-дәрмектер төмендегідей аурулар анықталған жағдайда беріледі:

— Жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА);

— Артериялық гипертензия;

— Созылмалы жүрек жетіспеушілігі (СЖЖ), оның ішінде дилатациялыкардиомиопатия;

— Асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы;

— Остеоартроз.

Видеоны дайындаған Бекзат Исамбергенов

5 комментариев на «“«Алтын алқа», «Күміс алқа» иелеріне қандай жеңілдік тиесілі?”»

  1. Сәлеметсіз бе? Менің, анам куміс алқа иесі, уйге кезекке турайын десе, статус көрінбейді, базада көрінбей тур, қандай жолы бар?

  2. Саламатсызба мен күміс алқам бар мен өкіметің жұмысын істеим менде падахот ұсталады негізі ұсталмау керекпа

  3. Алтын Алка иегерлерине Уй биринши кезекте бериледи дисиндер, неге алдайсындар ,5 жыл болды уйдин кезегинде турганыма, кезегимиз жылжымайды да, не маскара бул, акшасы жоктар уйстип тура беремиз кезекте жылжымай, ал акшасы барлар келесип алып алады уйлерин, барлыгы осы пайдасыз биликтин аркасыгой оздеринин калтасын ойлайды халыкты емес,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version