Грузияда қазақстандық кикбоксшылар жеңіске жетті

Данияр Юсупов бастаған атыраулық кикбоксшылар жарыста жеңіске жетіп, Грузияда байрағымызды көкке көтерді.

Алғаш болып 54 келіде Жанали Сәлімгереев түркиялық Мехмед Ялшинді тізе бүктірді. 60 келіде әлем чемпионы Жандос Назарбеков грузиялық Вако Папаскириді, ал 67 келіде Азамат Өтемісов грузиялық қарсыласы Котт Джангавадзені ұтты.

«Грузияда өткен әлемдік турнир оңайға түспеді. Қарсыластарымыз біз ойлағаннан да мықты дайындықпен келген. Жарыс күні бас жаттықтырушымыз Данияр Юсуповтың туған күнімен тұспа-тұс келді. Сол себепті де жеңісімізді бапкерімізге арнадық», — дейді атырулық кикбоксинг шеберлері.