Талдықорғанда әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы талқыланды

Талдықорғанда әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына арналған мәжіліс өтті.

Мәжіліске Талдықорған қаласының әкімі, қалалық мәслихаттың хатшысы, қала әкімдігі аппараты бөлімдерінің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, қалалық бөлімдер, кәсіпорындар, мекемелер, «Нұр Отан» партиясы филиалының, қалалық қоғамдық кеңестің ардагерлер ұйымының басшылары  және бұқаралық ақпарат  құралдарының өкілдері қатысты.

Отырысты қала әкімі Дастан Шалтабаев жүргізді. Мәжілісте өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес, инвестиция және құрылыс, коммуналдық сала, газдандыру, инвестиция және құрылыс, жолдар және жолаушы тасымалдау, білім беру, жұмыспен қамту салалары бойынша сараптама жасалды. Көрсетілген кемшіліктерді жою және көрсеткіштердің сапалы, әрі уақытылы орындалуын қадағалауды ұсынды.

«Бюджетке түсімдер болжамы 116,4%-ға, оның ішінде жергілікті бюджет бойынша – 130,8%-ға орындалды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың 5 түрін қамтитын ауылдық округтердің бюджеті енгізілді. Бюджеттің шығыс бөлігі 99,9%-ға орындалды. Мұның бәрі қала аппаратының дұрыс бағытта жұмыс атқарып жатқанын көрсетеді», — деді Талғат Сайлаубекұлы.

Сонымен қатар жарыссөзге шыққан бөлім басшылары өздері жүргізіп отырған сала бойынша есеп беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.