Басты бетЖаңалықтар"Қазгидромет" дауыл...

«Қазгидромет» дауыл тұратынын ескертті

«Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары Ақмола облысы мен Астана аумағына арналған төтенше ескерту жариялады.

Мамандардың мәліметінше, 30-31 шілде күндері Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл көтеріледі, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, 30 шілде күні күндіз жел екпіні 25 м/с-қа жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Астанада 30-31 шілде күндері найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Дауылдың соғу ықтималдығы — 80-85%.

Мұның алдында «Қазгидромет» мамандары Иран аудандарынан жылы ауа массасының келуіне байланысты еліміздің солтүстік өңірлерінде өткінші жаңбырға қарамастан ауа температурасы күндіз 25-30 градусқа дейін жоғарылайтынын хабарлаған еді.