Өзбекстан Республикасының президенті Шавқат Мирзиёевтің 2018 жылдың 6 ақпанындағы «Өзбекстан шекарасы арқылы жеке адамдардың тауарларды алып өтуін ары қарай реттеу шаралары туралы» қаулысы бойынша көп тауарға олардың жалпы құнына қарай бажсыз тасымалдау нормалары бекітілген:
Кеден шекарасынан өту тәртібі |
Сома (АҚШ долларымен) |
Халықаралық әуежайлар арқылы |
2 000 (Шекарадан өткен сайын) |
Теміржол мен өзендегі өткізу пункттері арқылы |
1 000 |
Автокөлік (жаяу жүргіншілер) өткізу пункттері арқылы |
300 |
Халықаралық пошта және курьер арқылы жеткізілетін тауарлар |
1 000 (1 айға) |
Тауар аты |
1 адамның тасымалдау нормасы (жалпы саны) |
Алкогольді тауарлар |
2 литрден көп емес (Шекарадан өткен сайын) |
Темекінің барлық түрі |
10 бумадан көп емес |
Иіссулар |
3 данадан көп емес |
Бағалы металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар |
65 грамнан көп емес |
Енді Өзбекстан үкіметінің 2018 жылдың 22 маусымындағы қаулысы бойынша бұл нормалардың қатарына тұрмыстық техниканы, ыдыс-аяқты және басқа да тауарларды тасымалдауға қатысты шектеулер қосылады. Шектеулер Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан автокөлік (жаяу жүргіншілер), теміржол және өзен бекеттері арқылы өткенде ғана қолданылады (тауарларды халықаралық әуежайлар мен пошта арқылы алған кезде бұл ережелер қолданылмайды):
№ |
Тауар аты |
Тауар саны |
Мерзімі |
1. |
Тоңазытқыш |
1 дана |
1 ай |
2. |
Тоңазытқыш |
1 дана |
1 ай |
3. |
Кондиционер |
1 дана |
1 ай |
4. |
Кір жуатын машина |
1 дана |
1 ай |
5. |
Шаңсорғыш |
1 дана |
1 ай |
6. |
Газ плитасы |
1 дана |
1 ай |
7. |
Электр плитасы |
1 дана |
1 ай |
8. |
Теледидар |
1 дана |
1 ай |
9. |
Микротолқынды пеш |
1 дана |
1 ай |
10. |
Жел пеш Үрмелі қақпақты пеш |
1 дана |
1 ай |
11. |
Электр еттартқыш |
1 дана |
1 ай |
12. |
Үтік |
1 дана |
1 ай |
13. |
Фен |
1 дана |
1 ай |
14. |
Асүй комбайны |
1 дана |
1 ай |
15. |
Қалта телефоны |
1 дана |
1 ай |
16. |
Компьютер техникалары |
1 дана |
1 ай |
17. |
Принтер және көпфункциялы құрылғылар |
1 дана |
1 ай |
18. |
Планшет компьютер |
1 дана |
1 ай |
19. |
Ноутбук |
1 дана |
1 ай |
20. |
Ыдыс-аяқ |
1 жинағы |
1 ай |
21. |
Басқа тауарлар |
Әрқайсысынан 2 келі, бірақ жалпы салмағынан 10 келіден көп емес |
1 тәулік |
Тауарларды бажсыз тасымалдаудың бұл нормалары Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан жеке тұлғалар бірінші рет өткен кезде ғана қолданылады. Шекарадан бір айда екі, үш не тағы бірнеше рет өткенде, тіпті, азамат алғаш рет өткенінде ештеңе әкелмесе де, кедендік төлемдерді төлеуге мәжбүр болады. Шекарадан өту фактісі жеке тұлғаның кеден органына ұсынатын құжатында Өзбекстан Республикасының шекара қызметі органдары қойған белгімен анықталады.
Мысалы, тоңазытқыштың құны шекараны ең кең тараған әдіспен — автокөлік (жаяу жүргіншілер) пункті арқылы өту кезінде 300 АҚШ долларынан аспауы керек. Бірақ сол айда шекарадан кедендік төлемдерді төлемей, 150 АҚШ доллары тұратын екі тоңазытқышты өткізе алмайсыз. Есесіне шекарадан бірінші рет өткен кезде 150 долларлық тоңазытқышты да, 100 долларлық кондиционерді де, 50 доллар тұратын үтікті де алып өтуге болады.