Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Адамзаттың 3 маңызды сұрағына Абайдың жауабы

Абай Құнанбайұлы. Фото: Аbai.kz

Адам болу үшін қайтпек керек?

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой —
Бес асыл іс, көнсеңіз.

Абай, «Ғылым таппай мақтанба»

Өмірдің мәні неде?

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Жұрттың бәрі біледі өлетұғынын және өлім үнемі қартайтып келмейтұғынын, бір алғанды қата жібермейтұғынын. Қазақ осыған да, амал жоқ, нанады, анық өз ойына, ақылына тексертіп нанбайды. Және һәмманы жаратқан Құдай бар, ахиретте сұрау алады, жамандыққа жазғырады, жақсылыққа жарылғайды, жазғыруы да, жарылғауы да пенде ісіне ұқсамайды, бегірек есепсіз қинауы да бар, бегірек есепсіз жетістіруі де бар деп — бәріне сендік дейді. Жоқ, онысына мен сенбеймін! Олар сендім десе де, анық сенген кісіге уайым ойлап не керек? Осы екеуіне лайықты жақсылықты өздері де іздеп таба береді.

Абай, Отыз төртінші қара сөз

Ақиқат деген не?

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Әрбір ақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең, айрылма! Егер де ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?

Абай, Отыз екінші қара сөз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version