Басты бет Жаңалықтар Базар саудагерлеріне діни экстремизмге қарсы тұру жайлы мәлімет берілді

Базар саудагерлеріне діни экстремизмге қарсы тұру жайлы мәлімет берілді

"Перспектива" ақпараттық-кеңес беру тобы "Кенжехан-1" базарында діни қатынастар туралы заңнама нормаларын түсіндірді.

Фото: "Перспектива" Ақпараттық-кеңес беру тобы" қоғамдық қоры

26 шiлде күні  «Перспектива» ақпараттық-кеңес беру тобы» қоғамдық қоры Алматыдағы «Кенжехан-1» сауда базарында саудагерлерге дін қатынастары және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласындағы заңнама нормаларын түсіндірді.

Шара Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен өтіп отыр. Мамандардың ақпаратын «Кенжехан-1» базарында қызмет ететін өзін-өзі жұмыспен қамтушы 30 адам тыңдады. Оларға дінтанушы, PhD докторы Құдайберді Бағашар, дінтану магистрі, PhD докторанты Мырзахмет Жүзей, «Перспектива» АКТ қоғамдық қорының психологы Румилям Мансұрова баяндама оқыды.

Шараның мақсаты — мегаполис тұрғындарына діни қатынастар саласындағы заңнамалар нормаларын түсіндіру және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру қажеттілігін тұрғындармен бірге талқылау.

Базарда мемлекеттің діни мотивацияланған экстремизмге қарсы шараларын күшейтуге бағытталған заңнамадағы өзгерістер жайлы өзекті мәселелер де талқыланды.

Мамандар діни ұйымдар қызметі, олардың мемлекетпен қарым-қатынасы, діншіл және дінге сенбейтін адамдардың құқықтары туралы сұрақтарға жауап беріп, кеңес айтты. Іс-шараға қатысқандардың барлығына қазақ және орыс тілдеріндегі материалдар (буклет, презентациялар жазылған CD) таратылды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version