Басты бет Жаңалықтар Атыраудың 250 оқушысы Астана мен Алматыда үш күн демалады

Атыраудың 250 оқушысы Астана мен Алматыда үш күн демалады

"Менің Отаным - Қазақстан" жобасы Атырау облысының таңдаулы оқушыларына тамаша мүмкіндік сыйлады.

Фото: mgorod.kz

Атыраулық 250 оқушы Астана мен Алматыда экскурсия жасайды. 25 шілдеде Атырау теміржол вокзалынан елордаға балалардың алғашқы тобы аттанды. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

«Менің Отаным — Қазақстан» жобасы аясындағы үш күндік экскурсия Алматы мен Астанада өтеді. Сапарды ұйымдастырушы — Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

Экскурсия аз қамтылған отбасы балаларына және облыстағы оқу үлгерімі жөнінен үздік оқушыларға арналған.

«Балалардың қауіпсіздігі үшін жетекші ұстаздар мен медицина мамандары бірге барады. Жалпы саны 250 оқушы шілде-тамыз айлары аралығында еліміздің ірі қалаларында жазғы демалысын өткізеді», — дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының туризмді дамыту бөлімінің мамандары.

Атырау облысында оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Осы жылдың 16 маусымында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 40 бала Италияның Чезенатико қаласында орналасқан жазғы демалыс орнына барып, екі апта демалып қайтқан болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version