Мына мүсін Алматының қай жерінде?
Бұл мүсін Esentai Park-те орналасқан.
Эйфель мұнарасының көшірмесі қай қалада бар?
Париждегі Эйфель мұнарасының көшірмесі Брюссель, Лас-Вегас, Токио, Ханчжоу және Алматы қалаларында бар. Алматыдағы мұнара "Француз үйі" ғимаратының алдында.
Алматыда қай тұлғаға ескерткіш қойылмаған?
Алматыда әзірше Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш жоқ.
Алматыда аты жоғары оқу орнына берілген және университет аумағына ескерткіші қойылған тұлғалар бар. Қайсысы аталғандарға сәйкес келмейді?
Алматыда Мұхтар Әуезовтің атында ЖОО жоқ.
Алматыдағы алып тиін мүсіні неден жасалған?
"Атакент" көрме орталығы алдына қойылған алып тиіннің арт-мүсіні қамыстан жасалған.
Аталған мүсіндердің қайсысы Алматыда емес?
Алматыда балет бишісі бейнеленген мүсін жоқ.
Суреттегі ескерткіш кімдікі?
Бұл - 2011 жылы композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевке Фурманов көшесі, қазіргі Назарбаев даңғылында қойылған ескерткіш.
Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметоваға арналған ескерткіш қай жылы қойылды?
Қазақтың батыр қыздарына арналған ескерткіш 1997 жылы 25 қазанда ашылды. Мемориалдың ашылуына Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Алматыда асыққа арналған қанша мүсін бар?
Арбатта, Сейфуллин мен Бөгенбай көшелерінің қиылысында, және Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимаратының алдында асықтың мүсіні бар.
Қай тұлғаның ескерткіші Алматының Жетісу ауданында емес?
Суретші Әбілхан Қастеевтің ескерткіші Бостандық ауданында.
Әлеуметтік желіде бөлісу: