Салымшылардың зейнетақы жинақтары 2018 жылғы қаңтардан маусым айына дейін 663,6 млрд теңгеге (8,5%) ұлғайып, 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 8 444,3 млрд теңге болды.
2018 жылғы 1 шілдеде 3 131,3 млрд теңге болған зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза кіріс 2018 жылғы қаңтар айынан маусым айына дейін 356,4 млрд теңгеге көбейді.
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны есептегенде) 2018 жылғы 1 шілдеде 9,7 млн шот болды.
Зейнетақы төлемдерінің сомасы 2018 жылғы қаңтар айынан маусым айына дейін 100,9 млрд теңге болды.
2018 жылғы 1 шілдеде БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесі әдеттегідей ҚР мемлекеттік құнды қағаздары мен ҚР эмитенттерінің корпоративтік құнды қағаздарынан (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 46,8%-ы және 25,4%-ы) тұрады.