Талдықорғанда баланы қаскөй әкеден құтқарған полицейлер марапатталды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бала өміріне қауіп төнгенде асқан кәсіпқойлықпен шұғыл әрекет еткен полиция бөлімінің жауынгерлерін марапаттады.

Алматы облысы
©Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алматы ІІД-нің оқу-жаттығу орталығында болды. Ол орталықтың жұмысымен танысып қана қоймай, 10 шілдеде Талдықорғанда баласын кепілге алып, өртеп жібермек болған адамды оқ атпай-ақ тұтқындаған арнайы полиция бөлімінің жауынгерлерін марапаттады.

Оқу базасы Алматы облысының әкімінің бастамасымен құрылған, арнайы полиция қызметкерлері осында дайындықтан өтеді. Шатырлы қалашықта курстарды жақсы тәлім алу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Ұйықтау орындары, асхана, теориялық пәндер үшін класс, арнайы тир ату алаңы бар. Сабақтарда пайдаланылатын қарудың көшірмесі полиция қызметкерлеріне дұрыс иемденуге, үйренуге мүмкіндік береді.

Облыс әкімі арнайы жедел әрекет ету бөлімшесіне барып, шынайы оқиғаға негізделген дайындық орындарын көрді. Бұл жерде сарбаздар кез келген жағдайда дұрыс әрекет етуге машықтанады. Бұған бес жасар баланы оңай босатып, лаңкес әкені кәсіпқойлықпен ұстау операциясы дәлел.

“Осындай бала өміріне қауіп төніп тұрған оқиғалар болған кезде адамдар ойланбай ақымақтық жасайды. Мұндай оқиғада өлімнен құтқару үшін өз басын қатерге тігіп, отқа шығып, оларды кеудемен жабу – үлкен іс. Бұл операция құрбандықсыз және өте кәсіби болды. Сіздің әріптестеріңіз және басқа бөлімшелер мамандары бұл туралы лайықты түрде айтып отырады. Сондықтан мен облыс әкімі ретінде сіздерге алғыс айтқым келеді!” – деді Амандық Баталов.

Облыс әкімі болашақта полиция қызметкерлерін заманауи оқу құралдарымен жабдықтауға барынша көмек көрсетуге уәде берді.

Еске салайық, 10 шілде күні Талдықорғанда өз баласын кепілге алып, өртеп жіберемін деп қорқытқан әкені арнайы полиция бөлімінің жауынгерлері оқ атусыз тұтқындаған еді.