Басты бет Жаңалықтар 25 шілдедегі ауа райына болжам

25 шілдедегі ауа райына болжам

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің хабарлауынша, 25 шілде күні еліміздің кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Фото: Socimage.net

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз Ақмола, Қарағанды облыстарында бұршақ болуы мүмкін.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында оған күндіз шаңды дауыл араласады.

Ақтөбе, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының  кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Бұдан бөлек, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version