25 шілдедегі ауа райына болжам

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз Ақмола, Қарағанды облыстарында бұршақ болуы мүмкін.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында оған күндіз шаңды дауыл араласады.

Ақтөбе, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының  кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Бұдан бөлек, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.