«Анаға апарар жол» АҚШ-та көрсетіледі

Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова, Берік Айтжанов, Болат Әбділманов сынды актерлар түскен эпикалық фильмде қазақ отбасының 1930 жылдардан бастап бүгінге дейінгі бастан кешкені баяндалады.

«Продюсерлерімізге, түсірілім тобымызға және маған да біздің фильмімізді АҚШ кинотеатрларында көрсететіні үлкен абырой. World Wide Motion Pictures Corporation компаниясы фильмімізден шынайылықты көріп, ондағы оқиға желісі әлемнің барлық аудиториясына ұғынықты болатынына сенім білдіргеніне қуанып отырмын», ̵  деді фильм режиссері Ақан Сатаев.

«Анаға апарар жол» фильмі күзден бастап шектеулі прокатқа шығады. Оған қазақстандық және азиялық-америкалық ұйымдар қолдау көрсетіп отыр.

Отандық фильм түрлі кинофестивальден жүлде алып, шетелдерде көрсетілген. Соңғы көрсетілімі 19 шілде күні Вашингтондағы Карнеги институтында Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен жасалған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті.

Дереккөз24.kz