Былтыр Ұлттық экономика министрлігі ауыл шаруашылығына арналған жерді шетелдіктерге 25 жылға жалға және отандастарымызға аукцион арқылы сатып алуын Парламентке бекітіп алған. Тіпті Президент қол қойып қойған құжат 1-ші шілдеде күшіне енуі тиіс болатын. Алайда, жұрттың жаппай қарсылығынан соң Елбасының өзі Жер кодексіне жыл соңына дейін мараторий жариялады. Сөйтіп, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қоғамдық пікірді ескере отырып, жер туралы заңды қайта жазып шығу жүктелді. Ол үшін қоғам қайраткерлері мен Үкімет мүшелерінен комиссия құрылып, қазір аймақтарды аралап жүр. Әзірге тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне қатысты нақты қорытынды айтылған жоқ.
Бірғаным Әйтімова, Сенат депутаты:
-Жер кодексіне 1990 жылдан бері 6 рет өзгеріс енгізіліпті. Бұл заң тұрақтамай-ақ қойды. Енді бұл жолы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қандай ұсыныстары бар? Жер реформасы туралы комиссия да бір-біріне қарама-қайшы ұсыныстар айтылуда.