Атырау агроөнеркәсіп өндірушілері субсидияға онлайн өтінім бере бастады

Атырау облысының агроөнеркәсіп өндірушілері субсидия алу үшін qoldau.kz сайтын қолданып, онлайн өтінім бере бастады.

Qoldau.kz порталы — агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға арналған өтінімдердің электронды тізімі. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидия беру үшін сайтқа электронды қолтаңба арқылы тіркелу қажет.

Субсидиялауға өтінімдерді тіркеу, онлайн-сақтандыру, астық қолхаттары бойынша онлайн-кредиттеу, вагондарда астықты тасымалдау үшін онлайн-тапсырыс беруге барлық төлемдер сайт арқылы электронды түрде жүзеге асырылады.

Айта кетейік, субсидияның 50%-і мемлекеттік бюджеттен төленеді.

Аграрлық сала тауар өндірушілері субсидияға қатысты ақпаратты аумақтық ауыл шаруашылығы бөлімдерінен және qoldau.kz сайтынан ала алады.