Басты бетЖаңалықтарТеолог: Сәләфизмге...

Теолог: Сәләфизмге тыйым салғаннан кейін наразылықтар, тіпті қантөгістер болуы мүмкін

«Әрине, наразылықтар болады…Мемлекетке наразылықтар болады, билікке наразылықтар болады. Тіпті қантөгістер, террорлық актілер болуы мүмкін. Бірақ соның барлығы бір реттік, уақытша болады. Ал оған тыйым салмасаң, ол мәңгілікке кетейін деп тұр. Қазақты екіге бөліп тастайды. Қазақтың мұсылмандығы, мәдени болмысының өзі екіге бөлініп кетеді. Баяғы анау дала мен қала (қазағы – авт.), оңтүстік пен солтүстік сияқты. Бізді біреулер «южан» деп жатады. Соның бәрі — кеңестер кезінен құрған дуалдар. Сондай дуалдың орнына сәләфизм келеді қазір. Сөйтеді-дағы, бізді «мүшриктер» деуі мүмкін. Өздерін таза исламның ізбасарлары деп жариялайды. Осылайша, тіліміз бір болуы мүмкін, я болмаса, олар орыс тілінде сөйлеуі немесе орыс тілділердің ықпалындағы сәләфилер болуы мүмкін. Бұның барлығы түптің-түбінде болмысты ыдыратады. Ұлттың болмысы деген мемлекетті құрып тұрған фундамент қой. Ал болмыс екіге бөлінсе, үстінде тұрған мемлекет түгіл кез келген нәрсе құлап түседі. Мемлекет деген ол адамның денесі сияқты. Ол денеге вирус түсуі мүмкін, іріңдеуі мүмкін. Енді, денені сақтап қалу үшін соны кесіп тастау қажет. Сонда ғана біз болмысымызды сақтай аламыз. Әйтпесе, мемлекетті не үшін құрдық? Қазақ болмысын, мәдениетін сақтап дамыту үшін құрған жоқпыз ба?», — дейді ғалым.

Оның айтуынша, сәләфизмге тыйым салу үшін алдымен арнайы органдар дайын болуы шарт.

«Біздің қауіпсіздік комитеті, прокуратура және басқа да күш құрылымдарымыз барлығы қанша сәләфи бар, қанша сәләфизм орталығы бар екенін білуі керек. Егер оны білмесе, проблема содан туындайды. Меніңше, олар кімнің немен айналысып жатқанын біледі. Біледі деген сенім бар да. Егер мемлекетте ондай мәліметтер бар болса, онда олар тыйым салудан қорықпайды. Себебі тыйым салғаннан кейін тізімде тұрған, өздерінің бақылауында тұрған адамдарды бақылауды одан сайын күшейтеді де, қоя салады. Жүдә, шектен асып бара жатса, сол кезде ұстап алып, отыра береді. Ал егер білмесе, онда қауіп бар. Ондай жағдайда Қауіпсіздік кеңесінің өзі ешқандай қауіпсіздіктен мақұрым деген сөз. Күштік құрылымның өзі күштік құрылым емес деген сөз. «Жоқ, олай емес, біз қанша адамның барын, қай жерде жүргенін білеміз» дейтін болса, онда олар тыйым салудан қорықпайды», — деп атап көрсетті Д.Кенжетай Baq.kz тілшісіне берген сұхбатында.

ДереккөзBAQ.KZ