Нұрсұлтан Назарбаев еңбек демалысына шықты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еңбек демалысына шықты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы қысқа мерзімді демалыста», — деп хабарланған ҚР Президентінің ресми сайтында.

Ақпарат ресурстары Нұрсұлтан Назарбаевтың мұның алдында қысқа мерзімді еңбек демалысына 2017 жылдың 21 шілдесінде шыққанын еске салады.