Басты бет Жаңалықтар Биыл Алматыда діни ақпараттық-кеңес беру тобы 270 шара өткізді

Биыл Алматыда діни ақпараттық-кеңес беру тобы 270 шара өткізді

Алматыда жыл басынан бері діни ақпараттық-кеңес беру тобы жұмыс істейді. Олардың қатарында теолог, дінтанушы, педагог, философия ғылымының профессоры, заңгер, психолог және т.б. мамандардан тұратын 70 шақты адам Алматы дін істері жөніндегі басқарманың тапсырысмен мемлекеттің діни саясатын ел арасында дұрыс түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.

Алматы қаласының орталық мешіті Фото: Muftyat.kz

Мамандар мектептерде, жоғары оқу орындарында, емханалар мен адам көп шоғырланатын мекемелерде дәріс жүргізеді. Жыл басынан бері жалпы саны 270 түрлі шара өткізіліп, 30 мыңға жуық адам қамтылды.

Айта кетейік, 2017 жылы Алматы дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен жалпы саны 86 мыңнан астам адам қамтылған әртүрлі форматтағы 512 іс-шара өткізілді.

«Әкімдіктің жанында діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес бар. Діни бірлестіктердің клубы жұмыс істейді. Диалог алаңында кездесулер арқылы қаламыздағы барша дін өкілдерімен осындай өзара сенімді атмосфераны қалыптастыра білдік деп айта аламыз», – дейді Алматы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Есенбеков.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру ісін атқаратын басқарма жұмысының қазіргі басты бағыттарының бірі – халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Қазіргі уақытта қала бойынша 17 конфессиядан (республика бойынша – 18 конфессия) құралған 179 тіркелген діни бірлестік жұмыс істейді. Сонымен қатар, қала бойынша 112 діни ғимарат тіркелген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version