Алматыда Дін істері жөніндегі басқарма қазақша күрестен жарыс өткізді

Іс-шараға Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Есенбеков, қалалық Орталық мешіттің наиб имамы Ермек Көкрекбаев, мешіт имамдары мен қаламыздағы мешіттердің жамағаты қатысты.

Шара басында Айдар Есенбеков барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, қатысушыларға сəттілік тіледі.

Жарыста 40-қа жуық балуан күш сынасып, бабы мен бағы келіскен мықтылар жеңімпаз атанды.

75 кг дейінгі салмақ дəрежесінде:

  • 1 орынды Б. Жайсанбаев ( Таугүл мешіті);
  • 2 орынды Е. Сихаев ( Ақсай мешіті);
  • 3 орынды Б. Динбаев жəне Т. Күзембай (Əскер ата мешіті) иеленді.

75 кг жоғары салмақ дəрежесінде:

  • 1-орынды С. Қорапасбаев ( Ақсай мешіті);
  • 2-орынды Д. Сейітов ( Фатима мешіті);
  • 3-орынды Х. Ермекбаев (Əскер ата мешіті) жəне Ғ. Ибрагим (Ибрахим мешіті) иеленді.

1-орын иегерлеріне 250 мың теңге, 2-орын иегерлеріне 125 мың теңге, ал, 3-орын иегерлеріне 50 мың теңге берілді. Өзге де қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.