Басты бетЖаңалықтарАуғанстанда жарылыстан...

Ауғанстанда жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ

ҚР Сыртқы істер министрлігі Кабул әуежайында болған жарылысқа қатысты түсініктеме берді.

«Алдын ала мәліметтер бойынша Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежайдағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ», — делінген хабарламада.

22 шілде күні Ауғанстан астанасындағы әуежайда жойқын жарылыс болған еді. Оқиға салдарынан 16 адам қаза тауып, тағы 60-ы жарақаттанды. «ДАИШ» (Қазақстан және өзге де бірқатар мемлекеттер аумағында тыйым салынған) лаңкестік тобы жарылысты өз мойнына алды және террорлық актінің мақсаты Ауғанстанның бірінші вице-президенті Абдул Рашид Дустумның көзін жою болғанын хабарлады.