Басты бет Жаңалықтар «Музарт» тобы Астананың туған күніне мерекелік концерт тарту етпек

«Музарт» тобы Астананың туған күніне мерекелік концерт тарту етпек

Елорда күніне орай халық тағатсыздана күтетін шаралардың бірі – барша қазақстандықтардың сүйікті «Музарт» тобының концерті болмақ деп жазады BNews.kz.

Кеңінен танымал трио өз табынушыларын әдемі әндерімен 15 жылдан бері қуантып келеді, алдағы концерт те мерейтойлық датаға орайластырылмақ.

Әртістердің айтуынша, Астанада үлкен концерт өткізу – олардың көптен бергі арманы, елорда тұрғындары мен қонақтары да бұл оқиғаны тағатсыз күтеді.

Сегізінші шілдеде «Музарт» тобы «Қазақстан» концерт залында екі рет концерт береді. Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев және Кенжебек Жанәбілов өздерінің үздік әндерін дирижерлер Александр Беляковпен және Александр Абылаевпен, композитор әрі продюсер Ринат Ғайсинмен, «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрімен орындайды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version