Алматыда «Діни экстремизмге қарсы әрекет: талдау, алдын алу, оңалту» тақырыбында республикалық семинар-тренинг өтті

Бұл шараны Алматы дін істері жөніндегі басқармасының тапсырмасымен Social Development Center әлеуметтік қоры мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ұйымдастырды.

Семинардың бағдарламасы бойынша бірінші күні пікірсайыс, семинар, тренинг, екінші күні семинар қатысушыларына арналған шеберлік сыныбы, тренинг және мәдени шара өткізілді.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын, ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі Ғалым Шойкин және Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев республикалық семинардың жетекші спикерлері болды.

Сонымен қатар, философия ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Косиченко, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы Наталья Сейтахметова, PhD доктор, рационалистік теология саласындағы маман Расим Челидзе және «Ансар» консультативтік-сауықтыру орталығының директоры, теолог Асқар Сабдин тренерлер мен семинар қатысушыларына баяндама оқыды.

Республикалық семинардың екінші күні  толықтай шеберлік сыныптар мен тренингтерге арналды. «Білім» оқу-мәдени орталығының директоры Руслан Иржанов, First Coach кәсіби спикерлерді дайындау орталығының негізін қалаушы Аслан Қанатов, сонымен қатар, саясаттанушы Айдос Сарым және «Эксклюзив» журналының шолушысы, саясаттанушы Расул Жұмалы да өз пікірлерімен бөлісті.

Іс-шараның ресми жабылуы Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Айдар Есенбековтің семинар қатысушыларына сертификаттарды салтанатты түрде тапсыруымен аяқталды.

Алматы дін істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өткен тренингтің соңғы күнінде қатысушылар қаланың тарихи музейіне, Дінмұхаммед Қонаевтің үй-музейіне экскурсия жасап, Медеу спорт комплексіне барды.