Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аруы атағы үшін бәсекелесуге 10 елден 18 бен 27 жас аралығындағы 19 қатысушы жиналды. Байқау өзінің 22 жылдық тарихында тұңғыш рет Астанада өткелі отыр және ол елорданың 20 жылдығына арналады.
Байқаудың мақсаты — қатысушы елдер арасында туризмді дамыту және мен мәдениетті насихаттау. Конкурста өз елін таныстырып, құрмет көрсету үшін қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтті.
Сайыскерлер Астанаға әдейілеп бірнеше күн ерте келіп отыр. Олар байқауға дейін қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен танысады, Астананың көрікті жерлерін аралап, мерейтойлық және қайырымдылық шараларға қатысады.
Елордаға келген күні-ақ «Нұрлы жүрек» психоневролоиялық диспансерінде, Бурабай курорттық аймағында болып үлгерді. Алдағы күндері «Астана-Арена» стадионындағы жолдастық матчқа, Армения елшілігінде ұйымдастырылдатын қабылдау кешіне қатысады.
27 шілде күні сағат 19.00-де байқауға қатысушылар «Қазмедиа» орталығының киноконцерт залындағы сахнаға өз ұлттық киімдерін, кешкі көйлектерін бар сән-салтанатымен киіп шығады. Эксклюзив шоу-бағдарламаға әлемдік жұлдыздар, дарынды суретшілер мен көрнекті дизайнерлер де қатысады.
«ТМД аруы-2018» байқауы «ТМД аруы» халықаралық байқауының бас директоры және негізін қалаушысы Наири Мнацаканян мен Velada халықаралық модель агенттігінің қолдауымен өткізіліп отыр. Еске сала кетейік, 2017 жылы «ТМД аруы» байқауы Армения астанасы Ереванда өтті.