Алдымен нақты дедлайнды белгілеп алу керек. Әйтпесе бір тілді бірнеше жыл бойы “үйренуіңіз” ғажап емес. Intermediate деңгейіне жеткіңіз келсе, шамамен 300 сағат уақытыңызды тіл үйренуге арнаңыз. Күніне бір сағат бөлсеңіз, шамамен 10 айдан кейін мақсатыңызға жетесіз. Мысалы, әр аптаға төмендегідей жоспар құрыңыз:
- Модальді етістіктерді үйренемін;
- Elementary деңгейіндегі барлық сөзді жаттаймын;
- Бес мәтінді оқып, аударамын.
Тілді толық меңгеру үшін жазу, сөйлеу, естігенді ұғу және оқып түсіну қабілеттерін меңгеру қажет. Бұларды онлайн үйренудің әртүрлі тәсілі бар. Мысалы, Bilimland.kz порталындағы ағылшын тілі курсы арқылы жоғарыда айтқан бөлімдер бойынша өзіңізді жан-жақты дамыта аласыз.
Курс үш бөлімнен тұрады: «Интерактивті курс», «Интерактивті грамматика», «Грамматика және сөздік». Бұл бөлімдер білімі әртүрлі деңгейдегі (бастапқы, орта және жоғары) оқушыларды оқытуға бағытталған.
Интерактивті курс
«Интерактивті курс» бөлімінде сабақтар жыл-жылға байланысты жіктелген. Әр жыл бойынша 60-тан 100-ге дейін сабақ бар. Әр сабақта listening, reading және grammar тапсырмаларын орындайсыз. Төмендегі скриншотта «Панкейкті қалай жасаймыз» деген жаттығу берілген. Тапсырма бойынша аудиожазбаны тыңдау арқылы сөздерді сәйкестендіруіңіз керек. Бұл ағылшынша айтылған нәрсені бірден түсінуге, тіл байлығын арттыруға көмектеседі. Соңында жаттығуды дұрыс не бұрыс жасағаныңызды тексеруге болады.
Сәйкестендіру, сөздерді орына қою сияқты тапсырмалар ойын түріндегі ойнақы мәнерде әзірленген. Бұл – әсіресе, балалардың ағылшын тіліне қызығушылығын оятып, жалықтырмай оқытуға таптырмас құрал.
Сонымен қатар әр бөлімді пысықтауға арналған тест жаттығулары бар. Бұл үйренгенді есте сақтауға, жүйелеуге жақсы.
Интерактивті грамматика
«Интерактивті грамматика» бөлімінде тіл үйренуші Elementary, Intermediate және Advanced деңгейлері бойынша грамматика, сөздік, тыңдалым жаттығуларын орындайды. Мысалы, мына суретте Intermediate деңгейінің грамматикасына арналған жаттығулар берілген. Мұнда алдымен тапсырманы тыңдап, дұрыс жауапты белгілейсіз. Соңында қаншалықты дұрыс орындағаныңызды тексере аласыз. Порталда бір ғана Intermediate деңгейінің грамматикасына арналған 40 cабақ бар.
Грамматика және сөздік
«Грамматика және сөздік» — ең қызықты әрі пайдалы бөлімнің бірі. Мұнда жаттығулар төрт жастан бастап 16+ жастағы тіл үйренушілердің білім деңгейіне қарай топтастырылған.
Іскерлік ағылшын тілінің негіздеріне де бөлек бөлім қарастырылған. Оқушы тек грамматикамен, сөздікпен жұмыс істемейді, әр жаттығуды аудиожазба арқылы түсініп, listening бойынша да жаттығады.
Егер Bilimland.kz порталындағы “Ағылшын тілі” курсының барлық тапсырмасы мен жаттығуын орындасаңыз, көздеген мақсатыңызға еш кедергісіз жететініңізге сенім мол. Видеосабақтар, интерактивті жаттығулар сіздің тіл үйренуге деген ынтаңызды еселей түседі. Тіл курсында бұл мысалдарға ұқсас жаттығу көп. Ауқымды сөздіктер, интерактивті материалдардар мен flash-ойындар адамды зеріктірмейді. Ең бастысы, барлық курс халықаралық стандарттарға сай жасалған.
Айтпақшы, порталдан ағылшын тілін ғана емес, неміс және француз тілдерін үйренуге мүмкіндік бар.
Ал Сіз қалай ойлайсыз:
[totalpoll id=»70479″]