Гидрометеорологтардың мәліметінше, 23 шілде күні Ақмола облысында күндіз бұршақ жауады.
«23 шілде күні Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және күндіз тұман түседі. Түнде кей аудандарда, күндіз облыстың көп бөлігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады», — делінген ескерту хабарламасында.
Бұл күні Астана аумағын да тұман басады. Күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстіктен және солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
Мамандардың мәліметінше, 23 шілде күні Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарындағы кей жерлерде нөсер жаңбырдың салдарынан су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Еске сала кетейік, мұның алдында «Қазгидромет» Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында бұршақ жауатынын хабарлаған еді.