Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Ол соңғы сапарға туған қаласынан аттанды. Денис Тенмен қоштасу еліміздің барлық аймағында өтті.
Жұрт азаматтық жаназаның нашар ұйымдастырылғанын айтып жатты. Халқының сүйіктісі Дениспен қоштасуға жүздеген, тіпті, мыңдаған адамның келуі мүмкін екенін біле тұра, келушілер нөпірін реттеуді ешкім алдын ала ойластырмаған. Есік алдында тұрған бірнеше адамға жедел жәрдем қызмет көрсетті.
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Спорт сарайының ішіндегі аура сай-сүйекті сырқыратады.
Денистің досы, боксшы, Олимпиада чемпионы, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев.
Фото: Айгүл Қожантаева/Baribar.kz
Көңіл айтушылар Денистің ата-анасына, жақындарына сабыр тіледі.
Фото: Айгүл Қожантаева/Baribar.kz
Қазақстанның мақтанышы Геннадий Головкин Денисті өзінің туған бауыры санайды. Спортта да, еліміздің әлемдік беделін асқақтатуда да екеуінің мүддесі бір еді. Геннадий АҚШ-тан ұшып келді.
Жиналған халық спортшыны тоқтаусыз шапалақ ұрып, құрметпен шығарып салды. Ғимаратқа кіріп үлгермегендер төңіректі гүлге толтырды. Жылаған дауыстар естілді.