Алматыда Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.

Алматылықтар спорт кешені алаңында Денис Теннің табытына келіп гүл мен оның портретін қойып, туыстарына көңіл айтты.

Шарада ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, қала əкімдігінің өкілдері мен өзге де танымал тұлғалар сөз сөйледі. Әйгілі спортшымен қоштасуға қазақстандық кəсіпқой боксшы Геннадий Головкин де келді.

Денис Тенмен қоштасу
Денис Тенмен қоштасу. Фото: tengrinews.kz