Басты бет Жаңалықтар Алматылықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салады

Алматылықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салады

Алматыда Денис Тенмен қоштасу рәсімі 21 шілдеде Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде сағат 10.00-де өтеді. 

19 шілде күні Алматыда Денис Тен пышақ жарақатынан соң қайтыс болды.

Оған сол күні шабуыл жасалған еді. Оқиға 15.00 шамасында Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болды. Спортшы денесінің бірнеше жеріне пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан.

Ол Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер спортшыға шұғыл көмек көрсеткенімен оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Алматы қалалық ІІД хабарлауынша, Денис Теннің өліміне қатысы бар екі күдікті анықталды. Олардың бірі уақытша тергеу изоляторына қамалды. Екіншісі іздестіріліп жатыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version