Астана өз даму қарқынымен әлемдік ірі құрылыс компанияларының назарын аударып келеді. Жаңа технологиялар бойынша салынған көрікті тұрғын үйлер — Астана тұрғындарының арманы. Dana Holdings құрылыс компаниясы қазақстандықтардың осы арманын жүзеге асыру бағытында белсенді әрі сапалы жұмыс атқарып жатыр.
Dana Holdings Минскідегі тамаша сәулет нысандары арқылы әлем жұртшылығының мақтауына ие болған. Қазір құрылыс компаниясының ауқымы кең.
«Қазақстан – өсіп келе жатқан мемлекет, ал оның астанасында дамудың айқын белгісі ретінде тамаша құрылыс нысандары болуы керек. Біз Астанаға не себепті инвестиция құйып отырмыз? Өйткені бұл мемлекет дамудың дұрыс жолында. Ал Астанаға қазір әлемнің бірқатар ірі құрылыс компаниясы «Дубайға пара-пар» деп баға беріп отыр. Біз сол «кішкентай Дубайды» ұлғайтып, тамаша нысандар тұрғызбақпыз», — дейді Dana Holdings өкілі, сербиялық азамат.
Dana Holdings Астанада Қазақстанда әлі қолданылмаған тың нәрселерді жасағысы келеді. Қазір елордада 1 миллион 200 мың шаршы метр тұрғын үй салу көзделіп отыр. Бұл жайт қаладағы баспана мәселесін біраз жеңілдетеді.
Кәсіпорын Астанадағы нысандар жобасын ORDA INVEST компаниясымен серіктесе отырып, жүзеге асырады. Бұл компания 2006 жылдан бері елімізде құрылыс-инвестиция бағытында жұмыс істеп келеді. Осы кезге дейін Europe Palace I, II, Оркен de luxe, Оркен Apartments, «Әсем Тас», Sultan Apartments, «Алтын Арна», Asyl Park, VIVERE, «Янтарный», Nur Aspan, «Жетіген» атты нысандарды салып, халықаралық дәрежеде үлкен беделге ие. Корпорация Алматыда «Тау самалы» элита үйлер қалашығын салған. Қызметінің негізгі бағыты — коммерциялық тұрғын үй кешендерін тұрғызу. Компанияның өнімін қазір 10 мыңнан астам адам пайдаланып отыр. Корпорация құрамында 500-ге жуық адам жұмыс істейді. Келешекте құрылыс кәсіпорны 241 шаршы метр алқапты қайта жөндеуден өткізуді, елордада жаңа ғимараттар салуды мақсат етеді.